Соның ішінде 120-дан астам жағдайда ұсталған азаматтар алкоголь емес, "ұлттық сусын" – қымыз немесе бал қымыз ішкенін айтқан.
Алматы қаласының прокуратурасы бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді:
"Сусынның атауының құқықтық маңызы жоқ. Қымыз – табиғи ашыту арқылы дайындалатын өнім. Оны дайындау барысында этил спирті түзіледі және дәл осы спирт медициналық куәландыру кезінде анықталады. Жүргізушінің ағзасында алкогольдің болуы – жауапкершілікке тартудың негізі болып табылады, ал сусынның шығу тегі немесе мәдени құндылығы есепке алынбайды. Қазақстан Республикасының заңнамасы этил спирті бар кез келген сусынды, оны алу тәсіліне қарамастан, алкоголь өнімдеріне жатқызады. Сондықтан "ұлттық өнім" деген сілтеме жауапкершіліктен босатпайды және жеңілдететін мән-жай болып саналмайды", – делінген қадағалау органының хабарламасында.
Прокуратура өкілдері бұл жерде дәстүр мен мәдениет туралы емес, жол қауіпсіздігі туралы сөз болып отырғанын ерекше атап өтті.
"Алкоголь бар сусындарды тұтынғаннан кейін көлік басқару – жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының өзге қатысушыларына да үлкен қауіп төндіреді", – деп ескертті ведомство.
Қорытындылай келе, прокуратура "қымыз ішіп рөлге отыру – ақталу емес, кең тараған қате түсінік" екенін атап өтті. Мұндай әрекет жүргізуші куәлігінен айырылуға және өзге де құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.