Беларусь шекарашылары Қазақстан паспортының құпияларын ашты

Фото: Zakon.kz
Беларусьтің шекара қызметі Қазақстан Республикасы азаматының паспортына енгізілген қорғаныс элементтерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео "Паспорттар шекарашылардың көзімен" атты роликтер топтамасы аясында әлеуметтік желілерде жарияланған. Онда шекара қызметінің мамандары қазақстандық паспорттың қалыпты жарықтағы және ультракүлгін сәуле түскен кездегі көрінісін көрсетті.

Қарапайым жарықта құжат әдеттегі көгілдір түске ие. Ал ультракүлгін шаммен тексеру барысында оның беттерінен жасырын өрнектер мен "Қазақстан" деген жазулар анық көрінеді.

Айта кетейік, мұндай қорғаныс элементтері құжаттың түпнұсқалығын растау үшін қолданылады және шекаралық бақылау кезінде жалған паспорттарды жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қазақстанда кадр тапшылығы қай елдердің азаматтары есебінен өтелуде екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Қазақстанда шоколад бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады