Ер адам жеке пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, оларды байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында жасырын құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындады.
"Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар екі орама мен үш темекі өнімі анықталды. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау құралдары және zip-пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды", – дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.