Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге тестілеу туралы маңызды ескерту

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 ақпанда, Абай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан азаматтығын алуға ниетті шетел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға 3-10 ақпан аралығында ҚР азаматтығын алу үшін қазақ тілі мен Қазақстан тарихы бойынша тестілеуге қатысуға өтініштер қабылданатыны туралы ескертілді.

"Тестілеу осы жылдың 11 ақпанында өтеді. Қатысу үшін үміткер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта тапсырады", – делінген Абай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының хабарламасында.

Өтініш беру үшін тест тапсырушы келесі әрекеттерді орындауы қажет:

1. Сайтқа кіру: app.testcenter.kz

2. Тестілеу нәтижелерін тексеру: certificate.testcenter.kz

3. Тесттегі тапсырмалардың жалпы саны – 100, оның ішінде:

4. Өту балы – 100 балдың кемінде 50 балы, оның ішінде:

Тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат 10 минут, ал қатысу құны – 14 693 теңге.

"Тестілеу нәтижесі бойынша өту балынан асқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақ тілінде электронды сертификат беріледі. Егер үміткер шекті балды жинамаса, электронды сертификат берілмейді", – деп хабарлады ведомство.

Электронды сертификаттың жарамдылық мерзімі – көрсетілген күннен бастап 2 жыл.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады