Электр қуаты жеткіліксіз болса, еліміз ойдағыдай дами алмайды – Мемлекет басшысы

Фото: unsplash
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында электр қуаты жеткілікті әрі тұрақты өндірілмесе, жасанды интеллект пен жаппай цифрландыруды жүзеге асыру мүмкін болмайтынын атап өтті.

Президенттің сөзінше электр қуаты тұрақты әрі жеткілікті көлемде өндірілмесе, жасанды интеллектіні енгізу және жаппай цифрландыруды жүзеге асыру мүмкін болмайтыны анық.

"Бұл мәселе жөнінде мен Ұлттық құрылтай отырысында пікірімді анық айтып кеттім". Мемлекет басшысы

Президент электр энергиясының ішкі тапшылығын жою үшін жыл сайын импортқа мәжбүр екенін айтты:

"Былтыр 3,7 миллиард киловатт-сағат энергияны сырттан алдық. Қуат көздері мен электр желілерінің әбден ескіруі де бұл саладағы ахуалды ушықтырып тұр". Президент

Президент атап өткендей, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында соңғы үш жылда энергетика саласына 1 триллион теңгеден астам қаржы салынды, алайда оның негізгі бөлігі жөндеу жұмыстарына кеткен:

"Жаңа қуат көздерін іске қосуға 140 миллиард теңге ғана бөлінген. Бұл ұзақ уақыт бойы тұрақты энергожүйені қамтамасыз етуге жетпейтіні анық. Электр қуаты жеткіліксіз болса, еліміз ойдағыдай дами алмайды". Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы бұрынғы басшылықтың электр қуатына назар аудармағанын атап өтті:

"Энергетика министрлігінің бұрынғы басшылары тек мұнаймен шұғылданған сияқты, электр қуаты өндірісі екінші қатарда назардан тыс қалды. Енді бұл олқылықты тез арада түзетуіміз қажет". Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда қазіргі кезде 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы өндірілетінін, бұл көлем жеткіліксіз екенін айтты. Сонымен қатар Президент Үкіметтің 2029 жылға дейін 13,3 гигаваттық жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарын атап өтті, оның 5,9 гигаваты жаңартылатын көздерден алынбақ.

Президент өз сөзін қорытындылай келе:

"Мәселе – нағыз энергетика мамандарының болмауында. Энергетика саласындағы мәселелермен "алып бара жатқан не бар дейсің?" деп, "азды-кем білімі бар, бірақ өзіне деген сенімі мол" кез келген адам айналысатын болды".

Мемлекет басшысы Үкіметке барлық қуат көздерін уақтылы іске қосып, созбалаңға жол бермеуді тапсырды.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж