Киберполицейлер бірнеше алаяқтық схемаға қатысы бар дропперді ұстады

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында киберполицейлер бірнеше алаяқтық схемаға қатысы бар дропперді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Ақмола киберполицейлері кем дегенде үш алаяқтық схемаға қатысы бар күдікті дропперді ұстады. Операция "Anti-Fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді.

"24 жастағы күдікті интернет-алаяқтыққа қатысып, оны ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасында делдал қызметін атқарған. Ол үшінші тұлғаларды тауып, олардың атына әртүрлі банктерде шоттар ашты. Сол шоттарды жәбірленушілерден ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланып, қаржыны қылмыстық схемалардың ұйымдастырушыларына жеткізген", - деп хабарлады Ішкі істер минстрлігі.

Сонымен қатар күдіктінің SIM карталарды іске қосумен де айналысқаны анықталды. Бұл карталар алаяқтарға телефон қоңырауларын жасау және азаматтарды алдау үшін қолданылған. Мұндай тәсіл қаскөйлерге жеке басын жасыруға мүмкіндік беріп, олардың ізін табуды қиындатқан.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның кем дегенде үш алаяқтық эпизодқа қатысы расталған. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде полиция оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысын тексеріп, заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды анықтау жұмысын жалғастырып жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға қаржылық операцияларды жүргізгенде сақ болуға, банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге, сондай-ақ заңсыз немесе "жеңіл табыс" ұсыныстарына келісуге болмайтынын ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж