Almaty.tv телеарнасының ақпаратынша, қазір "Ақлақ су" тоспасы арқылы теңізге секундына 50 текше метр су жіберіліп жатыр.
Ал "Көкарал" бөгетін нығайту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ бөгетті биіктету және солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңі жүзеге асады. Бұл жаңалық теңіз төскейіндегі халықты да қуантып отыр.
Аралдан жылына 8 мың тонна балық ауланады. Мамандар кіші Арал теңізін сақтап қалу үшін жылдар бойы атқарылған шаруалардың жемісі екендігін айтты. 2022 жылы басталған бөгет құрылысы аяқталса теңізді сумен тұрақты қамтамасыз етуге болады. Бұл өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға мүмкіндік бермек.
"Орталық Азия мемлекетінің президенттері кездесу болды. Сол кездесуде Су шаруашылығы министрі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның келісімшартқа қол қойылғанда жоғарыдан түсетін судың көлеміне қарай әр мемлекетке тең бөлінетіні жөнінде келісілді. Қазір біз алатын лимитімізді толық алып тұрмыз", – деді "Қызылордасушар" өндірістік учаскесінің басшысы Жорабек Нұрымбетов.
Бұған дейін Каспий жағалауында 20 шақты аққудың өлексесі табылғанын жазғанбыз.