Солтүстік Қазақстан облысында суицид үшін сірке суын қолданатын жағдайлар жиілеп кетті

Фото: Zakon.kz
Еліміздің солтүстігінде сірке суы өмірімен қош айтқысы келетіндердің негізгі құралына айналып бара жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Almaty.tv" телеарнасының ақпаратынша, дәрігерлер сірке суын ішіп қойған 52 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше күннен бері күрескен. Механикалық желдету аппаратының көмегімен аман қалған ер адам өзін жақсы сезінгеннен кейін емделуден бас тартып, ауруханадан шыққан.

"Дәрігерлер тағы екі адамның өмірін аман алып қалу үшін тынбай күресуде",- делінген репортажда.


Еске салсақ, ұқсас қайғылы жағдай 16 жастағы мектеп оқушысымен де тіркелген. Қатты күйік алған ол шұғыл түрде санавиация арқылы шалғай ауданнан Петропавлға жеткізілген болатын. Бүгінде бойжеткен жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

Бұған дейін Қазақстанда қызылшаға байланысты шұғыл шаралар енгізілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді