Атырауда көлік жүргізу құқығынан айырылған 4 тұлғаның қайта көлік тізгіндегені анықталды

Фото: Zakon.kz
Атырауда ЖБО қызметкерлері бейнебақылау арқылы жүргізу құқығынан айырылған 4 тұлғаның қайта көлік тізгіндегені анықталды.

Атырау облысы полиция департаменті жанындағы жедел басқару орталығы тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылап, бейнебақылау арқылы адамдар мен көліктердің қозғалысын қадағалайды.

Осылайша бейнебақылау камералары арқылы бір күнде көлік басқару құқығынан айырылған 4 тұлғаның көлік тізгіндегені анықталды.

Жедел басқару орталығының қызметкері Құрманғазы көшесінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Тексеру барысында Mitsubishi автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Сол күні сағат 11:45 шамасында Абай және Канцев көшелерінің қиылысында жол қозғалысы талаптарын өрескел бұзған Toyota автокөлігінің жүргізушісі анықталды.

Сағат 13:37 шамасында жедел басқару орталығының бағыттамасы негізінде Құрманғазы көшесінде ВАЗ 2115 автокөлігі тоқтатылып, оның 52 жастағы жүргізушісінің де көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Сағат 16:13 шамасында Бейбарыс көшесінде Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі анықталып, оның да сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Аталған құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Осы ретте полицейлер көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың қайтадан рөлге отыруы жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді