Референдум: Таяу Шығыс елдеріндегі учаскелер уақытша жұмыс істемейді

Сурет: Zakon.kz
Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жанынан 54 шет мемлекетте 71 референдум учаскесі құрылды.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңы 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2026 жылғы 15 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

"Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға байланысты, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Израиль Мемлекетінде, Иордания Хашимит Корольдігінде, Иран Ислам Республикасында, Қатар Мемлекетінде, Кувейт Мемлекетінде, Ливан Республикасында және Оман Сұлтанатындағы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жанынан құрылған референдум учаскелері уақытша жұмыс істемейді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қауіпсіздік себептерге байланысты, Украина мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшіліктерінің жанынан құрылған референдум учаскелері де уақытша жұмыс істемейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады