Атырау тұрғыны 19 жастағы қызды ұрып-соғып, пышақтап, оны видеоға түсірген

Сурет: pexels
Атырауда 19 жастағы қызға жасалған қатыгез шабуыл фактісі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 2026 жылғы 8 наурыз күні таңертең болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, 2026 жылғы 11 наурызда қаланың 21 жастағы тұрғыны бірнеше сағат бойы қызды ұрып-соғып, жарақаттап, пышақпен тілгілеген, сондай-ақ оны балағаттаған.

Ол болып жатқан жайттың бір бөлігін stories пен Telegram мессенджерінде жариялағаны айтылды.

"Зардап шеккен қыз денесі мен аяқтарындағы көп жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетті, оның жағдайы нақтыланып жатыр", – делінген жазбада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы және 147-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін