Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен оқушы үйінде амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
Полицияның дерегінше, төбелес кезінде кастет қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.
"Оқушылар арасындағы төбелес фактісі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің әрекеті Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.