Қайда кетеді, кім келеді: Қазақстандағы миграция көрсеткіштері

Фото: unsplash
Қазақстанда үшінші жыл қатарынан оң миграциялық ағын тіркеліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 13 наурызда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы миграциялық көрсеткіштерді жариялады: елге 23 761 адам келген, ал кеткендер саны 7 608 адамды құраған. Сыртқы миграция бойынша оң сальдо 16 153 адам болды.

"2024 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан шығушылар саны 40,2%-ға азайды, ал елге келгендер саны 18,9%-ға төмендеді", – делінген ведомство хабарламасында.

Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жүзеге асады. Олардың үлесі барлық келгендердің 81,8%-ын, ал кеткендердің 71,8%-ын құрайды. Басқа елдер арасында ең көп келгендер – Қытай, Моңғолия және Германия, ал көбіне азаматтар Германия, Польша және АҚШ бағытында кеткен.

Тұрақты тұру үшін ең көп келген адамдар таңдаған аймақтар: Алматы облысы – 5 754 адам, Алматы қаласы – 4 068 адам, Маңғыстау облысы – 3 562 адам.

Елден ең көп кеткендер Қарағанды облысында – 1 451 адам, Алматы қаласында – 757 адам және Шығыс Қазақстан облысында – 685 адам тіркелген.

Сырттан келгендер мен кеткендердің негізгі үлесі 35–39 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Келгендер мен кеткендер арасында техникалық және экономикалық білім алғандар басым.

"Ішкі көші-қон көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артты. Аймақтар арасындағы көші-қон бойынша оң сальдо төрт өңірде қалыптасты: Астана қаласында – 87 459 адам, Алматы қаласында – 33 126 адам, Шымкент қаласында – 15 130 адам, Алматы облысында – 12 110 адам", – деп қорытындылады Ұлттық статистика бюросы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін полиция азаматтың Қазақстан азаматтығынан автоматты түрде шығуы мүмкін жағдайларды атаған болатын.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді

Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады