Абай облысындағы шахтадағы жазатайым оқиғадан бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Сурет: rawpixel
Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болып, салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті. Оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай Бородулиха ауданында 18 наурыздан 19-на қараған түні болған. Алдын ала дерек бойынша, шахтаның бір учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін көмірқышқыл газының мөлшері күрт артқан.

19 наурыз күні таңертең жоспарлы тапсырманы орындау үшін ұңғымаға түскен екі жұмысшы ес-түссіз күйде табылған.

"Зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде учаске бастығы да уланған. Барлық зардап шеккендер жер бетіне шығарылды. Жұмысшылардың бірі көз жұмды, екеуі аудандық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция сондай-ақ оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін