Отандық өндірушілер мұнай-газ саласында 300 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасты

Добыча нефти, нефтедобыча, нефть, нефтяная скважина, нефтедобывающее оборудование, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 14:44 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 17 қарашада үкімет отырысында қазақстандық өндірушілерді ірі мұнай-газ жобалары операторларының сатып алуларына тарту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік бұл бағытта тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

"2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі операторлардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4%-ға өсіп, 2,837 трлн теңгені құрады. Оның ішінде елішілік құндылық үлесі 1,595 трлн теңгеге немесе 56,2%-ға жетті. 2025 жылы өткен Мұнай-газ машинасын жасауды дамыту форумының қорытындысы бойынша шамамен 200 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды", – деді Ақкенженов.

2026 жылғы қазанда өткен форум мен ТШО, КПО және НКОК компанияларының ашық есік күндері аясында одан әрі ынтымақтастық туралы 10 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ отандық өндірушілермен жалпы сомасы 301,5 млрд теңге болатын 27 келісімшарт жасалды.


"Бұдан бөлек, жергілікті өндірушілерді қолдау үшін операторлардың тендер өткізу рәсімдеріне өзгерістер енгізілді", – деп қосты министр.

Бұған дейін Қазақстанда тексеруден кейін 92 мың тоннадан астам мұнай есепке алынғанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: