Қазақстанда тауарлық газ өндірісі артады
Фото: freepik
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 7 шілдеде өткен Үкімет отырысында Қазақстанда тауарлық газ өндірісін ұлғайту жоспарлары туралы мәлімдеді.
Ол 2032 жылға дейін ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндірісінің болжамды көрсеткіштерін таныстырды.
"Болжамға сәйкес, тауарлық газ өндірісінің көлемі 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылы 35,5 млрд текше метрге дейін артады. Бұл 2025 жылғы нақты көрсеткіштен 29,6 пайызға жоғары", – деді Ерлан Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, өсім тауарлық газ өндіру көлемін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу қуаттарын іске қосу жоспарланған.
2027 жылдан бастап тауарлық газ өндірісінің қосымша көлемі мынадай болады:
- 2027–2030 жылдары – 1,6 млрд текше метр;
- 2031 жылы – 2,3 млрд текше метр;
- 2032 жылы – 6,6 млрд текше метр.
Еске салайық, бұған дейін Ерлан Ақкенженов Қаз
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript