Times Square-де Наурыз тойланды: Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі

Сурет: Zakon.kz
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Times Square алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті. Көктемнің жаңаруын, береке мен бірлікті білдіретін ұлттық мейрамды ұлықтауға жиналған жұртшылық қазақтың дәстүрі мен өнеріне куә болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерекелік бағдарлама аясында "Әлқисса" домбыра студиясының өнерпаздары сахнаға шығып, ұлттық музыкалық мұраны таныстырды. Қос ішектің үні мегаполистің қақ ортасында шырқалып, жиналған көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Домбырамен орындалған күйлер мен әндер қазақ мәдениетінің байлығы мен тереңдігін айқын көрсетті.

Іс-шара барысында өнерпаздар халық арасында кеңінен танымал "Саржайлау" әнін орындады. Әуезді ән алаңға жиналған көпшіліктің көңіл күйін көтеріп, Наурыздың шаттыққа толы рухын сезінуге мүмкіндік берді. Көрермендер өнерпаздарды ұзақ қол соғып, жылы қабылдады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени шаралардың басты мақсаты – қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық өнерін шетелде насихаттау, сондай-ақ түрлі этнос өкілдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту. Times Square сияқты әлем назарын аударатын алаңда Наурызды атап өту Қазақстан мәдениетінің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.

Сурет: Zakon.kz

Соңғы жылдары Наурыз мейрамы шетелдегі қазақ диаспорасы арасында да кеңінен тойланып келеді. Әсіресе АҚШ-тың ірі қалаларында ұйымдастырылатын концерттер, көрмелер мен ұлттық тағамдар фестивальдері бұл мерекеге деген қызығушылықтың артып отырғанын көрсетеді.

Нью-Йорк төрінде өткен бұл шара да көктемнің келуін ғана емес, халықтар арасындағы достық пен мәдени алмасудың маңызын айқындай түсті. Қазақтың күйі мен әні әлемнің ең қарбалас алаңдарының бірінде шырқалып, ұлттық өнердің шекара танымайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды