Майлыбаевтың айтуынша, құстардың өлексесі табылған жерге адамдар сирек баратын көрінеді: маңайда тұрғын үйлер жоқ, ал су деңгейі едәуір төмендеп кеткендіктен, жағалауға жету қиындаған, деп жазды Lada.kz.
"Бәлкім, ол жерге ешкім бармайтын шығар – жақын маңда үйлер жоқ. Мен бірде-бір адамды кездестірмедім. Оның үстіне, су қатты тартылып кеткен, мүмкін, сондықтан адамдар ол жаққа бармайтын болар", – деді Қанат Майлыбаев.
Режиссер бұл жағдайды жария етуді көздеп отыр. Ол жануарлардың қырылу мәселесіне Қазақстанда ғана емес, Каспий маңы елдерінде де назар аударту үшін деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.