Қостанайда із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қостанайда із-түзсіз жоғалып, іздестірілген 17 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облыстық полиция департаменті 27 наурыз күні жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсеткен еді. Полицейлер оның жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шарасын жүргізген.

"Жасөспірімнің орналасқан жерін анықтау үшін Жедел басқару орталығының және азаматтық сектордың бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Полиция оның болуы мүмкін барлық орынды тексеріп, туыстары, таныстары мен көршілерінен жауап алды. Іздеу жұмыстарына Қостанай гарнизонының және жақын өңірлердің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ іздестіруге еріктілер мен өзге де қызметтер тартылды", – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаменті.

28 наурыз күні кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның денесі Гагарин бөгетіне жақын маңдағы қамысты аумақтан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстандықтар зейнетақы активтерін өз қалауы бойынша инвестициялай алады: заңға қол қойылды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кәсіпорындарда жаңа еңбек ережелері енгізіледі