Алматы қалалық Білім басқармасының мәліметінше, 2025 жылғы 13 қазанда "Integra Construction" ЖШС мен қалалық Құрылыс басқармасы жаңа нысанды жобалау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.
"Техникалық тексеру нәтижесінде әкімшілік және оқу корпустары, сондай-ақ спорт және акт залдарының ғимараттары сейсмикалық тұрғыдан күшейтуге жарамсыз екені анықталып, оларды бұзу қажет деп танылған. Қазіргі таңда аталған ғимараттарды демонтаждау (бұзу) жұмыстары толық аяқталған",- делінген ақпаратта.
Ведомствоның мәліметінше, жоба аясында жатын корпусын қайта жаңғырту, сондай-ақ жаңа оқу, спорт, әкімшілік ғимараттар мен асхана салу жоспарланған.
"Жұмыстарды аяқтау мерзімі – осы жылдың IV тоқсаны". Алматы қалалық Білім басқармасы
Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматының тау бөктерінен Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданған еді. Бұл жағдай қоғамда үлкен дау туғызды, нәтижесінде оған Президент араласты.
Кейін балаларды көшіру тоқтатылып, балалар үйіне Президент Әкімшілігінің комиссиясы келіп, қызметтік тексеріс жүргізген. 2025 жылдың тамыз айында осы оқиғаға байланысты үш шенеунік - облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов - қызметінен босатылды.