Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты кезінде екі жасөспірім қоршаудан асып кеткен

Фото: Zakon.kz
Талдықорғанда жүргізуші қызыл бағдаршам белгісін елемей, жоғары жылдамдықпен мопедтегі екі жасөспірімді қағып кеткен. Оқиғаға қатысты 2026 жылғы 2 сәуірде өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Видеодан қатты соққы сәті анық көрінеді, соның салдарынан екі жасөспірім жол қоршауынан асып кеткен.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қылмыстық іс 2026 жылғы 2 сәуірде сағат 00:10 шамасында Талдықорған қаласындағы Жансүгіров пен Балпық би көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам белгісіне қарамастан өтіп кетпек болып, мопедпен соқтығысқан", – деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды