Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
Шымкентте полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж жүргізушілерін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқық бұзушылықтар тоқтатылды.

Барлық жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

12 автокөлік айыптұраққа қойылды. Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.

Полиция ескертеді: жолда мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейді. Қандай да бір себепке немесе мәртебеге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері қатаң түрде тоқтатылып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді