Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД

Сурет: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыда құрғақ шөптің өртенуі бірте-бірте азайып барады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Алматы аумағында ірі орман алқаптары жоқ, бірақ табиғи қордың едәуір бөлігін таулы және орман-саябақ аймақтары құрайды. Олардың қатарында Іле-Алатау ұлттық паркінің 20 мың 805 гектар аумағы, "Медеу" табиғи паркі (708,2 га), сондай-ақ Баум тоғайы (137,7 га) бар. Жыл басынан бері жалпы аумағы 1,3 гектар болатын осындай 51 өрт тіркеліпті. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда едәуір төмен екен.

"Тұрғындар от жаққан кезде абайламайды, тұрмыстық қалдықтан да кейде өрт шығып, құрғақ шөп лезде лап ете түседі", — дейді Константин Канин.

Өрт қаупі артатын маусым қарсаңында қалада бірнеше алдын алу жұмысы қолға алынды. Атап айтқанда, тұрғын үйлердің шекаралары мен тау бөктерінде минералдандырылған жолақтар жасалып жатыр. Аудан әкімдіктерімен бірлесіп, мұндай учаскелердің 5,5 шақырымнан астамы жабдықталып, 10 гектар аумақтағы тез тұтайтын қураған өсімдік шабылған.

Өрт ошағын ерте анықтап, өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау қажеттігін туристерге ескерту мақсатында Шымбұлақ, Медеу мен Бутаковка шатқалының үш жерінде ұшқышсыз ұшатын аппарат қолдана бастаған, сондай-ақ камерамен жабдықталған бейнебақылау жүйесі де жұмыс істейді.

Сонымен қатар "Көк-Төбе" телерадио мұнарасында екі бейнекамера және Алатау ауданының индустриялық аймағында бір камера орнатылған.

Сонымен қатар қалада орман-саябақ және тау бөктері аумақтарында күн сайын кезекшілік атқаратын жедел әрекет ететін топтар да құрылған.

Жедел әрекет ету мақсатында биылғы 30 наурыздан бастап Іле-Алатау ұлттық паркі, "Көк-Төбе" паркі мен Шымбұлақтың аумағында механикаландырылған күзет қызметі жұмыс істей бастады.

"Өртке көбіне адам себеп болып жатады. Сондықтан біз түсіндіру жұмысын күшейтіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажеттігін барынша ескертіп жатырмыз", — деп атап өтті спикер.

Тұрғындар мен туристер өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауы керек:

Сонымен бірге:

Өрт қаупі артатын кезде ашық от жағуға қатаң тыйым салынады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты