Қазақстанға 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген күдікті жеткізілді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген, 1 миллион АҚШ долларын жымқырды деп айыпталған азамат Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның 2026 жылғы 17 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің көмегімен Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру дерегі бойынша айыпталған шетел азаматын елге жеткізген.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2014 жылы ол алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсетемін деген желеумен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ долларын алдап алған.


"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін жасырып, халықаралық іздеуге жарияланған", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қылмыс үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген.

Айта кетейік, 10 сәуірде Грузиядан 4 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен Қазақстан азаматының экстрадицияланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі