Мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 11 трлн теңгеден астам қаржы жұмсаған

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 сәуірде Мәжілісте өткен жиында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков отандық қамтуды арттыру мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың сатып алулары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мониторинг субъектілерінің тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу көлемі жалпы 32,7 трлн теңгені құраған.

"2025 жылы мемлекеттік органдар 11,4 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды. Оның ішінде отандық қамту үлесі 25,7%, яғни 0,9 трлн теңгені құрады. Соның ішінде тауарларды сатып алу көлемі 1,5 трлн теңге болып, отандық қамту үлесі 34,5% немесе 0,5 трлн теңгені құрады", – деді Сапарбеков.

Сондай-ақ ол отандық өндірушілерді қолдау мақсатында мемлекеттік сатып алуларда ұлттық режимнен алып тастау тетіктері қарастырылғанын атап өтті. Бұдан бөлек, аванстық төлем мөлшері 30% деңгейінде белгіленген, тауар жеткізу мерзімі ұзартылған және келісімшарттар бойынша төлемдерді жедел жүзеге асыру талабы енгізілген.

Бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда 22 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілгені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысына қай аудандар енетіні белгілі болды

Ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды