Қазақстан белгіленген мерзімде АЭС салып үлгере ме – профильді агенттік түсініктеме берді

Фото: pexels
2026 жылғы 20 сәуірде Мәжіліс кулуарында Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Асет Махамбетов Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты құжаттарға неге ұзақ уақыт бойы қол қойылмай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Агенттік өкілі әр елде станция салудың өзіндік ерекшелігі мен тәжірибесі болатынын атап өтті.

"Әр мемлекетте заңнамалық модельге байланысты айырмашылық бар. Жобалық-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін, орта есеппен АЭС құрылысына 7–8 жыл қажет", – деді Махамбетов.

Бұған дейін құрылыс 2035 жылға дейін аяқталады деп жоспарланған. Журналистер Қазақстан осы мерзімге үлгере ме деген сұрақ қойды.

"Бұл мәселені біз де талқылап жатырмыз, барлық міндеттерді қатар орындауға тырысамыз. Барлық құжаттарға қол қою кезеңіне жақындағанда нақты мерзімдер бойынша толық ақпарат береміз", – деп қосты ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын бекіткен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді