"Таза Қазақстан" қозғалысына миллиондаған ерікті қосылды – президент

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысының маңызы мен нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, аталған бастаманың негізгі мақсаты – экологиялық сананы қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру.

"Қозғалысқа миллиондаған ерікті қосылды. Олар – Қазақстанның нағыз патриоттары", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев қоғам игілігі үшін атқарылған еріктілер еңбегін елдің келешегіне қосылған маңызды үлес ретінде бағалады.

Президент БҰҰ шешімімен биыл Халықаралық еріктілер жылы жарияланғанын атап өтіп, Қазақстан бұл бастаманы толық қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Конституцияда волонтерлік қызметке айрықша мән беріліп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні бекітілгенін еске салды.

Тоқаев биылғы жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы екенін айтып, бұл технологиялардың экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Жасанды интеллект табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық басқаруды жетілдіру ісінде үлкен мүмкіндік береді", – деді Президент.

Сондай-ақ ол Аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдауға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды