Қазақстанда 26 сәуірдегі ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 26 сәуірге арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, ал солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі.

Тек батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман түсуі болжанады, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде 1–3 градус үсік күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Ал Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін Алматыда мамыр айының басына дейін қандай ауа райы күтілетіндігін жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті