Алматылық полицейлер әлеуметтік желі арқылы "қауіпті" дүкенді анықтады

Сурет: pixabay
Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында пневматикалық қару мен суық қаруды заңсыз сату дерегін анықтап, оның жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство дерегіне сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан пневматикалық қарулар мен суық қару түрлері тәркіленді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде",- делінген ақпаратта.

Полицияның мәліметінше, мұндай дерек бір реттік жағдай емес. Қару айналымының заңсыз арналарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде, соның ішінде интернет кеңістігіне тұрақты мониторинг жүргізу арқылы атқарылуда.

Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімшелерінің жедел іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 619 тыйым салынған зат тәркіленіп, барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Полиция азаматтарға қаруды заңсыз сақтау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды