Қытайдан Қазақстанға "лас" жүк көліктері қалай әкелінді - ҚМА істің мән-жайын ашты

Фото: unsplash
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын заңсыз әкелу фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс туралы толығырақ бүгін, 2026 жылғы 8 мамырда ҚР ҚМА мәлімдеді.

"Тергеу амалдарына сай, бір топ адам бақылауындағы ЖШС-тер арқылы "Евро-2" экологиялық класына жататын FAW маркалы жүк көліктерін Қазақстан аумағына заңсыз импорттауды ұйымдастырған. Импорт қолданыстағы "Евро-4"-тен төмен стандарттағы техниканы әкелуге тыйым салынғанына қарамастан жүзеге асырылған".

Агенттік атап өткендей, техника Қытай Халық Республикасынан сыртқы экономикалық келісімшарттар негізінде жеткізіліп, кейін кедендік рәсімдеу кезінде жалған мәліметтер пайдаланылған.

Атап айтқанда, көлік құралдарының қауіпсіздік сертификаттары (СБКТС) қолдан жасалып, онда әдейі "Евро-5" экологиялық класс көрсетілген.

Нәтижесінде Қазақстан аумағына 20 бірлік арнайы техника заңсыз әкелінген.

"Олардың жалпы кедендік құны 284 млн теңгеден асқан. Кейін бұл техника байланысы бар компаниялар тізбегі арқылы сатылып, мемлекеттік сатып алу аясында 600 млн теңгеден астам сомаға жеткізілген",- делінген ақпаратта.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне: 9 автокөлік пен бір пәтерге тыйым салынды.

"Күдіктілердің бірі қамауға алынды, ал оның екі сыбайласына қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді". ҚР ҚМА

Ведомство экологиялық стандарттарға сай келмейтін көліктерді заңсыз әкелу қоршаған ортаға елеулі зиян келтіретіндігін атап өтті. "Евро-2" класына жататын техника "Евро-4" және "Евро-5" стандарттарына қарағанда әлдеқайда көп зиянды заттар бөліп, ауа сапасының нашарлауына және халық денсаулығына қауіп төндіреді.

Бұған дейін этика талаптарын бұзған депутаттар қалай жазаланатыны белгілі болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі