Астанада көпқабатты пәтерде өрт шықты

Фото: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары Астанада пәтерде шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Астанада Мәңгілік Ел даңғылындағы он екі қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерлердің бірінде керме төбе өртенді.

ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін