Атырауда автокөліктің қарсы бағытқа шығу дерегі дрон арқылы анықталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе – Атырау – Астрахань республикалық маңызы бар автожолының 547-шақырымында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері дрон көмегімен жүргізген бақылау барысында Toyota Camry автокөлігі жүргізушісінің жолдың көлденең таңбасымен белгіленген тұтас сызықты кесіп өтіп, "Басып озуға тыйым салынады" жол белгісінің талабын бұза отырып, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны және басып озу әрекетін жасағаны анықталды.

Көлік құралы тоқтатылып, жүргізушімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерінің әрекеті қызметтік бейнежетонға тіркелді.

Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері дрон көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 100-ге жуық дерегі анықталған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін