Жаңбыр, қар, үсік: 14 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 мамырда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Түнде облыстың солүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 14 мамырда түнде топырақтың бетінде 1 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 14 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті