Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздегі қолайсыз метерологиялық жағдайларға қатысты ескерту жасап, өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"16 мамырда Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Қарағанды
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Халқы ең жас елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

"Мұндай ауқым бұрын-соңды болмаған": Дубай тарихтағы ең ірі әуежай көшіне дайындалып жатыр

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады