АҚШ-та ЖИ көмегімен қатерлі ісікті анықтаған қазақстандық оқушы марапатталды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
АҚШ-тың Phoenix қаласында Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесі аяқталды. Әлемдегі ең беделді ғылыми додаға биыл 60-тан астам елден 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысты.

Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Байқау қорытындысында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай арнайы жүлделермен марапатталды.

Ол "Машиналық оқыту негізінде қатерлі ісіктерді автоматты түрде анықтау жүйесі" атты ғылыми жобасымен MAWHIBA Foundation қорының 400 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлығын және Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жоба жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы қатерлі ісіктерді ерте әрі дәл анықтауға бағытталған.

Regeneron ISEF – мектеп оқушылары арасындағы әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік көрмелердің жетекші алаңы. Байқауды халықаралық ұйымдар мен ірі технологиялық компаниялар қолдайды. Солардың бірі – MAWHIBA Foundation қоры.

Бұл ұйым Сауд Арабиясындағы дарынды балалар мен жас ғалымдарды қолдауға бағытталған және ғылым, технология мен инновация салаларындағы таланттардың халықаралық деңгейде дамуына мүмкіндік береді. Қазақстан бұл дүниежүзілік байқауға 1999 жылдан бері ұлттық серіктес ретінде тұрақты қатысып келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін