Қазақстанда бірден екі вице-министр қызметінен босатылды

Госслужба, портфель, дипломат, государственная служба, госслужащие, госслужащий, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 22:11 Фото: freepik
2026 жылғы 5 қазанда Қазақстан Үкіметінде кадрлық өзгерістер болды. Бірден екі вице-министр атқаратын қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Айдар Әбілдабеков Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.

Ол әр жылдары кәсіпкерлікпен айналысып, кеден органдарында және статистика жүйесінде жұмыс істеген. 2025 жылғы тамызда Сауда министрлігінің вице-министрі болып тағайындалғанға дейін Сауда комитетін басқарған.

Осындай кадрлық шешім Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарған Батырбек Әбдішевке қатысты да қабылданды.

Әбдішевтің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асады. Ол әр жылдары арнайы мемлекеттік органдарда және ҚР ҰҚК-де қызмет атқарған. Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін 2024 жылғы сәуірден бері атқарып келген.

Кадрлық шешімдердің себептері және ведомстволардағы бос қызметтерге кімдердің тағайындалатыны әзірше хабарланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Марғұлан Аманбаев ҚР ТЖМ аппаратының басшысы болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: