Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды

30 қазанда Ербол Әліқұлов ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қызметке ол 2024 жылы ақпанда тағайындалған болатын.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов берген өтінішіне сәйкес мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды", делінген Үкімет баспасөз қызметі хабарламасында.
Бұған дейін Тимур Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript