Дархан Ахмед-Заки вице-министр қызметінен босатылды
![Дархан Ахмед-Заки, вице-министр, қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 19:03](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2025-01-29/file-907c5e03-201d-418e-bd9d-b8a0afe29c1f/400x225.webp)
Дархан Ахмед-Заки ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл лауазымға 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Дархан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды". ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Қанат Шарлапаевтың тағы бір лауазымға тағайындалғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript