Жаңалықтар тізбегі
0

Дархан Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Дархан Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 15:01 Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды.

Дархан Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды.

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылы Жаңаөзен қаласында "Қазақойл" ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, "Информатика" кафедрасының меңгерушісі.

2012-2013 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.

2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор.

2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.

2020 жылдың тамыз айынан Astana IT University ректоры қызметін атқарды.

2022 жылдың 1 қарашасынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: