Қуаныш Ерғалиев Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Қуаныш Ерғалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 17:51 Cурет: primeminister.kz
Үкіметтің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.

  • 2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

  • 2014-2019 жылдары – Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

  • 2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды. 

  • 2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: