Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен бірге жедел-іздестіру іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 28 жастағы әйел адамды ұстады.

Көпқабатты үйдің ауласында одан Тропикамид психотроптық препаратының 159 құтысы тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау облысы полиция департаменті психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды

Мемлекет басшысы: Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық

Талдықорғанда студентті мектеп оқушысы пышақтап өлтірді

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды