Қазақстандықтарды көбіне қай салаларда алдайды

Фото: пресс-служба акимата Алматы
2026 жылғы 22 мамырда өткен брифингте Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Булат Танабергенов қазақстандықтардың қай салаларға жиі шағымданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері комитет пен оның өңірлік департаменттері 22 мыңнан астам өтінішті қараған.

"Шағымдардың ең көбі бөлшек сауда саласына қатысты түседі. Одан кейін электронды сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және байланыс қызметтері тұр. Цифрландыру мен тұтынушылар сұранысының артуына байланысты интернет арқылы сауда жасауға қатысты шағымдар көбейіп келеді. Тексеру қорытындысы бойынша 430 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 12 миллион теңге айыппұл салынды. Жыл басынан бері тұтынушылардың 405,6 миллион теңге көлеміндегі құқығы қорғалды", – деді ол.

Болат Танабергенов келтірген мәліметке сүйенсек, Павлодар облысы тұрғындарына сапасыз косметикалық өнімдер мен косметологиялық қызметтер үшін 2,4 миллион теңге қайтарылған.

Сонымен қатар Жетісу облысы Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті интернет және байланыс қызметтерінің сапасыз көрсетілуіне байланысты 10 тұтынушының құқығын қорғау үшін Талдықорған қалалық соты сотына талап арыз берген. Нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға 315 мың теңге қайтарылған.

Бұған дейін жиһаз жасатамын деп алданып қалсаңыз не істеу керек екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бас прокуратура инвестордың уәжінен кейін Шымкент полициясының үстінен тергеу бастады

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Қытай көлігін сатып алушылардың шоттары жаппай бұғатталып жатқаны рас па - МКК жауабы

Мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлеріне жүгінді

Қазақстан мектептеріндегі қорытынды емтихандардың мерзімі белгілі болды