Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді: жүргізушілерге жаңа ережелер енгізілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Негізгі кіреберіс аумағын жаңғыртуға байланысты Майлин көшесі жағынан әуежай аймағына кіру уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Енді әуежай аумағына кіру Ахметова көшесі бойымен, Ақсұңқар қонақ үйінің алдындағы 3 кіреберіс арқылы жүзеге асырылады.

Ал әуежай аумағынан шығу бұрынғыдай Майлина көшесі арқылы орындалады. Әуежайға келер кезде уақытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, себебі қарбалас уақытта кептеліс туындауы мүмкін.

"Егер әуежай қонақтарының әуежайға кіру кезінде қосымша сұрақтары немесе мәселелері туындаған жағдайда , + 7 777 009 90 68 байланыс нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ әуежай аумағында жүрген арнайы форма киген қызметкерлерден көмек сұрай алады", - делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін