Үрлемелі шеңбер құтқармайды: Астанада құтқарушылар жағажайдағы қауіпсіздік туралы ескертуде

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астаналық құтқарушылар жаз мезгілінде су жағасында демалушылар жиі жіберетін қателіктер, "жабайы жағажайлардың" жасырын қаупі және үрлемелі шеңбердің балалар үшін толық қауіпсіздік кепілі еместігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Үрлемелі шеңбер құтқармайды": Астана құтқарушылары жазғы судағы демалыстың қауіптері туралы ескертті

Астанаға аптап ыстық келген сайын Есіл өзенінің жағалауы мен қалалық жағажайлар демалушыларға толуда. Алайда су маңындағы демалыс жыл сайын адам өліміне әкелетін қайғылы жағдайларға себеп болып жатады. Көп жағдайда мұндай оқиғалардың алдын алуға болар еді.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін құтқарушылар профилактикалық жұмысты күшейтіп, су айдындарының қауіпті аймақ екенін ескертіп жатыр.

Қазіргі таңда қаладағы су айдындарында жағдай тұрақты, жыл басынан бері оқыс оқиғалар тіркелмеген.

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде шомылу, қауіпсіздік ережелерін бұзу және балаларды қараусыз қалдыру.

"Қазіргі уақытта Астана қаласында шомылуға рұқсат етілген 5 орын белгіленген. Оларға "Армина", "Столичный двор", "Три пескаря", орталық қалалық жағажай және коммуналдық жағажай жатады. Жабдықталған жағажайларда құтқару бекеттері, медициналық пункттер, құтқару құралдары, ақпараттық стендтер, буйлармен қоршалған аймақтар, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз демалуына қажетті жағдайлар қарастырылуы тиіс", – деп мәлімдеді ТЖД қызметкерлері.

Мамандар "жабайы жағажайды" таңдайтындардың ба қарасы көп екенін, алайда, мұндай жерлерде су түбі тексерілмеген болуы мүмкін екенін ескертті.

Су астында әйнек, арматура, құбырлар, тастар және басқа да қауіпті заттар кездеседі. Сонымен қатар мұндай орындарда құтқару мұнаралары мен медициналық көмек жоқ. Қалада жалпы 21 тыйым салынған шомылу аймағы бар.

Фото: pexels

Төтеншеліктердің айтуынша, ең қауіпті жағдайлардың бірі – өзеннің қатты ағысы. Егер адамды су ағысы алып кете бастаса, ең бастысы – сабыр сақтау және ағысқа қарсы жүзбеу. Құтқарушылар қиғаш бағытпен жағаға қарай жүзуге, көмек шақыруға және күшті үнемдеуге кеңес береді.

Құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды құтқару ережелерін де еске салды:

"Бірден көмек шақырып, 112 нөміріне хабарлау қажет. Мүмкін болса, суға батып бара жатқан адамға құтқару шеңберін, арқанды, таяқты, бөтелкені немесе ұстап қалуға болатын кез келген затты беру керек. Арнайы дайындықсыз суға түсу қауіпті, себебі адам паника кезінде құтқарушыны да суға тартып кетуі мүмкін. Сондықтан шомылу кезінде қауіпсіз арақашықтық сақтау керек. Батып бара жатқан адамды алдынан келіп ұстауға болмайды, ол сізді қысып ұстап қалуы мүмкін. Сондай-ақ өзіңіз жақсы жүзбесеңіз, суға түспеу керек. Мұндай жағдайда жағадан көмек көрсету қажет", – деді мамандар.

Сонымен қатар мамандар суға батып бара жатқан адам әрдайым айқайлай бермейтінін ескертеді. Көбіне ол үнсіз қалқып тұруға тырысады, су астына жиі кетіп, қайта шығады және бағдарын жоғалтады.

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Судан шығарылғаннан кейін дереу көмек көрсету қажет: тынысын тексеру, жедел жәрдем шақыру және қажет болса, дәрігер келгенше жүрек-өкпе реанимациясын бастау керек.

Қазір Астана қаласында Есіл өзені бойында күнделікті патруль жүргізілуде. Рейд барысында мамандар тек ережені қадағалап қана қоймай, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын да ұйымдастыруда.

Құтқарушылардың негізгі ескертуі сол қалпы: тек рұқсат етілген жерде шомылу, мас күйде суға түспеу, өз күшін асыра бағаламау және балаларды қараусыз қалдырмау. Төтенше жағдайда бірден 112 нөміріне хабарласу қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер