Бас прокуратура мен ІІМ қылмыстық тергеу жүйесіне жасанды интеллект енгізіп жатыр

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Бас прокуратурасы елде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи құралдарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жанындағы Қылмыстық қатерлерді болжау орталығы үлкен деректерді, ведомствоаралық ақпарат алмасуды және жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдарға сыртқы және ішкі қауіптердің алдын алу бойынша ұсынымдар қамтылған 192 ақпараттық хат жолдаған.

Соның нәтижесінде 38 алаяқтық интернет-ресурс бұғатталған.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға алаяқтардың жаңа схемалары мен сақтық шаралары жөнінде тұрақты түрде ақпарат беріліп келеді. Азаматтарға арналған 16 ескерту материалы жарияланған.

Орталық енгізген шешімдердің қатарында медиакеңістікті және интернет-алаяқтықты мониторингтеу жүйелері, e-Өтініш жүйесіндегі азаматтардың өтініштерін талдау, сондай-ақ көшедегі және қайталама қылмысты болжау модельдері бар.

Бұдан бөлек, Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект енгізу жобасын жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда пилоттық жоба Астана қаласы мен Ақмола облысының бірқатар полиция бөлімшелерінде іске асырылып жатыр.

Жоба аясында тергеуді жоспарлау, жауаптарды мәтінге түсіру және талдау, сондай-ақ процессуалдық құжаттарды автоматты түрде дайындау модульдері енгізілген.

Ведомствоның дерегінше, "Цифрлық көмекші" модульдері арқылы 231 тергеу жоспары, 72 жауап алу хаттамасы, 65 айыптау актісі және қылмысты саралау туралы 15 қаулы әзірленген.

Еске салайық, бұған дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде Қазақстан жасанды интеллектіден ең аз қауіптенетін елдердің қатарына енгені хабарланған болатын.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Депутат "Болашақ" бағдарламасын тексеруді ұсынды

Мемлекет басшысы құқықбұзушылықтың алдын алу және самокаттарды тіркеу туралы заңдарға қол қойды