ШҚО-да жастарға есірткі қылмысының салдары туралы айтылды

Фото: Zakon.kz
Жастар ресурстық орталығында "Есірткісіз болашақ — біздің қолымызда" тақырыбында TEDx форматындағы диалог алаңы өтті.

Іс-шара 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне дейін жалғасатын айлық аясында өткізілді. Оның негізгі мақсаты — жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Кездесуге ШҚО полиция департаментінің, прокуратураның, ESBOL QORY ұйымының және республикалық "Заң мен тәртіп" жобасының өкілдері қатысты.

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мади Қалиақпаров студенттерге қазіргі есірткі қатерлері, жастарды заңсыз әрекетке тарту тәсілдері және қарастырылған жауапкершілік туралы айтып берді.

Ашық диалог барысында қатысушылар есірткінің зияны, алдын алу шаралары және саналы таңдау жасаудың маңыздылығын талқылады. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлерден толыққанды жауап алды.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай ашық форматтағы кездесулер жастарға есірткі қылмысының салдарын тереңірек түсінуге және заң талаптарын сақтаудың маңызын ұғынуға мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді