Астанада LRT-ның мектептік және жеңілдік санатындағы көлік карталарын қайдан алуға болады

Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 2026 жылғы 13 маусымда "City Transportation Systems" ЖШС (CTS) баспасөз қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына пайдалы ақпаратпен бөлісті. Бұл арада LRT-ның мектептік және жеңілдік санатындағы көлік карталарына қатысты сөз болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

LRT атаулы мектептік және жеңілдік санатындағы көлік картасын рәсімдеу:

Картаны рәсімдеу құны - 1200 теңге.

LRT атаулы көлік карталарын мыналар рәсімдей алады:

  1. елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары;
  2. Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, Астана қаласы мәслихаты бекіткен жеңілдік санаттарына жататын азаматтар.

Жеңілдік санатына жататын азаматтар тізімімен CTS сайтында жарияланған "Жария шарттың" қосымшасынан танысуға болады.

Атаулы картаны рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет:

Картаны рәсімдеуде мөрі бар құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажет.

Жеңілдік санаттарына жататын "Қамқоршы", "Заңды өкіл", "Көпбалалы аналар" және "Көпбалалы отбасы" санатындағы азаматтардың зейнетақы куәлігінде жеңілдіктің әрекет ету мерзімі көрсетілген, Астана қаласы бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу жөніндегі ведомствоаралық орталықтың, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мөрімен расталған өзекті жазба болуы тиіс.

Атаулы карталарды стансаларда рәсімдеу күн сайын 07:00 - 19:45 аралығында жүзеге асырылады. Үзіліс - 13:00 - 14:00.

Қала және қала маңы бағдарларында жүруге арналған атаулы көлік карталары тек Орталық кассада беріледі.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы