Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Іле ауданында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат Қараой мен Байкент ауылдарының арасындағы Р-19 тасжолында болған.

Оқиға орнында болған Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Toyota Camry 10 автокөлігі Қараой ауылынан Байкент бағытына қарай келе жатқан. Белгісіз себептермен жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, бүйірімен ағашқа соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққыдан көлік қатты зақымданып, адам танымастай күйге түскен.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен әскери киім киген адамдар жұмыс істеген.

Сурет: Zakon.kz

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің әскери формада болғаны белгілі болды. Алайда Қорғаныс министрлігі бұл жол апаты олардың ведомствосының қызметкерлеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

Сурет: Zakon.kz

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 23 жастағы Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Артынша автокөлік ағашқа соғылған. Салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін