Алматыдағы Тастақ шағынауданында екі көше біржақты қозғалысқа көшті

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматының Алмалы ауданындағы Тастақ шағынауданында екі көшеде біржақты қозғалыс енгізілді.

Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, 30 маусымнан бастап Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық жобасы іске қосылды.

Жаңа схемаға сәйкес:

Басқарма мәліметінше, өзгерістер Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

"Бұл шаралар көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайлардың санын қысқартуға бағытталған. Шешім көлік жағдайын талдау нәтижелері мен тұрғындардың өтініштері ескеріле отырып қабылданды", – деп хабарлады басқарма.

Мамандардың айтуынша, жаңа қозғалыс схемасы көлік ағынын реттеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Жасыл базар маңындағы бірнеше көшеде, сондай-ақ Прокофьев, Кіші Абай, Тұркебаев, Уәлиханов, Жуков және Манаев көшелерінің жекелеген учаскелерінде де біржақты қозғалыс енгізілген болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін