Тоқаев Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа Конституцияның күшіне енуі елдің саяси дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы екенін айтып, Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға.

"Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты жақын уақытта бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қоятынын айтты.

Президенттің сөзінше, бұл саяси науқан партиялар арасындағы бәсекені күшейтіп, демократиялық үдерістердің дамуына серпін береді.

"Соған сәйкес партиялар арасындағы бәсеке де жандана түседі. Біз жасампаз ел ретінде осы саяси науқанды да жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы елдегі реформалардың негізгі қозғаушы күші екенін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтар қоғам өміріндегі маңызды шешімдерге белсенді қатысып, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтынын дәлелдеп келеді.

"Сайлауға қатысу – елдік істен шет қалмау деген сөз. Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін", – деді Президент.
Қазақстан
Құрылтай
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін